Ауа райы әлі жылы болса да, алдағы төтенше ауа райы жағдайын ескере отырып дайындалу керек.
Сауын сиырларға әрқашан таза су болғанын қамтамасыз ету керек. Су құбырларының қатып қалуы қыста ең кең тараған проблема болып келеді. Сондықтан құбырлар мен мал суаратын құрылғыларға арналған жылытқыштарды орнату керек. Сондай-ақ, судың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін жылыту және айналымдық сорғысы бар айналым жүйелері жақсы келеді.
Астаулардағы биметалдық клапандар астаудың мұздауына жол бермейді. Дегенмен, бұл судың шетінен асып төгіліуне, ал ол мұздың пайда болуына әкелуі мүмкін. Кешке суды өшіріп, құбырларды толығымен босату да көмектесуі мүмкін. Келесі күні таңертең суды жай ғана қайта қосу керек болады.
Сауын залдарында да мұз қату қаупі бар. Жаңа сауын залдарында көбінесе жылыту жүйесі орнатылған болып келеді. Дегенмен, жылу бірден қайтадан шығып кетпейтіндей етіп герметизация жасау керек. Сиырлар суықтан қорықпайды, бірақ сауыншылар температурасы реттелетін сауын бөлмелерін жақсы көреді.
Ұзаққа созылған аяз кезінде де күнделікті жұмыс азды-көпті біркелкі өтуі үшін қажетті шараларды қолдану әрдайым мүмкін. Одан кейін қыс та келе берсін.
Уве Веддиге
Фото: KFM