Соматикалық жасушалардың жоғары көрсеткіштері, сиыр саууға көп уақыт кететіндігі және қызметкерлердің аусуы сауу процессіне аса назар аударуға себеп болып табылады. Тек дұрыс сауу — бұл сапалы сүт пен желіннің денсаулығының негізі!
Пилоттық фермалардағы тренингтер барысында Уве Веддиге теория мен практикадағы сауу техникасы, желіннің физиологиясы және сауу процесі туралы негізгі дағдылар мен білімге үйретеді. Практикалық сауу кезінде ол желіннің гигиенасы қалай «сақталынатындығы» және емізіктер қалпына қарап нені анықтауға болатындығын көрсетеді.
Көбінесе желінді қажетсіз сулап тазалау, сауу стакандарының дұрыс салынбауы және оларды автоматты түрде алу жүйесі өшіріліп тұрғаны жийі кездеседі. Әр сауудың соңында сауу аппаратын қолмен шешіп алу – неміс тілінде оны «серфинг» деп те атайды — көп уақыт алады және жұмыс процесіне кедергі келтіреді.
«Массаж» деп аталатын алдын — ала ынталандыру, сауу стакандарын дұрыс кигізу және жұмыс тиімділігін арттыру тренингтердің басты назарында», — деп түсіндіреді KFM жобасының жетекшісі. «Сіз бұларды теориялық тұрғыдан түсіндіре алсаңыз, мен бұл білімді ұзақ уақыт есте сақтап қалатындай әсерлі түрде толық бір сауу процессі кезінде сіздермен бірге сиыр сауып жеткізе аламын», — дейді неміс сарапшысы.
Пилоттық фермалардағы осы жеке тренингтер аясында Уве Веддиге сапалы сүт өндіру, сүтті өңдеу және салқындату, сондай-ақ желіннің құрылымы, желіндегі физиологиялық процестер, гигиена және желіннің денсаулығы туралы маңызды білім береді.
Уве Веддиге