9 09, 2025

Agritechnica 2025 – қандай өзгеріс бар?

2025-09-09T06:37:24+01:009. сентября 2025|

Агритехника 2025 көрмесі 9-15 қараша аралығында Ганновер қаласындағы көрме орталығында өтеді. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы техникасының дүниежүзілік үздік көрмесі «Тouch Smart Efficiency» (Сенсорлық интеллекттің тиімділігі) ұранымен өтеді және тағы да ауыл шаруашылығының болашағына қатысты мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналады.

Биыл көрменің арнайы бағдарламасында бөлек тақырыптарға арналған күндер жоспарланған. «7 күн — 7 тақырып» ұранымен өтетін Агритехника 2025 тақырыптық көрме күндері келушілердің әртүрлі топтарына арналады. Мысалы, 10 және 11 қарашадағы екі Агробизнес күні ауылшаруашылық дилерлер, мердігерлер мен ірі фермалар үшін жасалатын ұсыныстарға  арналады.

«Инновациялар және баспасөз күні» (9 қараша), «Халықаралық фермерлер күні» (12 қараша), «Цифрлық ферма күні» (13 қараша), «Жас маман күні» (14 қараша) және  «Фермерлікті мерекелеу» басқа да арнайы топтар мен тақырыптарға арналады.

Ганноверде экспоненттер егіншілік пен өсімдік шаруашылығы бойынша халықаралық көрменің ең ауқымды және алуан түрлі бағдарламасын ұсынатын болады: бүріккіштерден дрондарға дейін, тракторлардан автономды жабдық жүйелеріне дейін, астық жинайтын комбайндардан бастап цифрлық көмек жүйелеріне дейін.

Толығырақ https://www.agritechnica.com/en/about-the-fair

Уве Веддиге

Фото: Ірі фермаларға арналған жемшөп араластырғышы ©Веддиге

4 09, 2025

Тиімді азықтандыру бойынша 7 кеңес

2025-09-04T07:15:20+01:004. сентября 2025|

Азықтандыру процесінің  тиімділігі  ақша мен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Азық дайындап тарататын жұмысшылардың кәсіби білімінен басқа, шығындарды азайту мүмкіндітеріне ерекше назар аудару керек.

  1. Мал азығын араластыратын қондырғы мен азық таратуға арналған бағдарламалық жасақтаманы қолданып араластыру және азық беру процестерін тексеріңіздер. Жұмысшылар бәрін дұрыс жасайтын болса, нәтижесінде ауытқу тек 2 % құрайды. Неғұрлым үлкен ауытқулар оп-оңай бірнеше мың еуро шығынға айналуы мүмкін!
  2. Мал азығын араластыратын қондырғыны кесте бойынша уақытында күтіп, тексеріп, жөндеп тұрсаңыздар, пышақтардың өткірлігін, азықтың біркелкі және таза болуын қамтамасыз ете аласыздар. Техникалық қызмет көрсетуден басқа, азықтандыру процесінің нәтижелі болуына ең алдымен мал азығын араластыратын қондырғының тазалығы әсер етеді.
  3. Жаңа/балғын азықты сиырлар әрқашан да жақсы жейді. Әсіресе әр сиырға бөлінген оттық орыны тар болса, азық беру менеджментінің «жұмсақ» факторлары қаншалықты маңызды екені айқын көрінеді!
  4. Егер азық қалдықтары 2-3% аспасын десеңіздер, азықтандыру менеджментін жақсартыңыздар. Азықтың қалдықтары сәл көбірек қалатындай мөлшерді жоспарлаған дұрыс (және сенімдірек) және сиырлардың алдында әрқашан азық барын үнемі қадағалап, камтамасыз етіп тұрыңыздар.
  5. Азық қалдықтарын тексеріңіздер: бұл шынымен де қалдықтар ма, әлде сиырлар рационнан «бас тартты» ма? Аралық түсірілім камералары азық түні бойы желінбейтінін тез анықтайды.
  6. Әсіресе ірі фермаларда азықтандыру процесімен көп жұмысшы айналысады. Сондықтан осындайда барлық ақпарат бір жерде жиналуы маңызды. WhatsApp сияқты мессенджерлер қорада да пайдалы болуы мүмкін.
  7. Алдын ала әзірленген қоспаларды қолдану жұмыс уақытын үнемдейді. Бірақ егер олар дұрыс сақталмаса және ауа-райының әсеріне ұшыраса, көптеген қымбат азық зая кетеді. Сондықтан жеке компоненттер мен алдын-ала әзірленген қоспалар құрғақ және сенімді жерде сақталуы керек.

Азық өндіріс шығындарының 60 % құрайды, бірақ азық жақсы желініп, қалдықтары аз болу үшін жақсы менеджмент қажет. Жұмысшылар арасындағы байланысты жақсартыңыздар. Азықтандыру орындарын жақсартуға және азықты шығыны аз болатындай сақтауға салынған инвестиция көбінесе тез өтеледі.

Уве Веддиге

Фото: Сиырлардың әрбіреуіне  шаққанда оттықтың ені кемінде 70 см болса, әр 2 сағат сайын азық оларға жақындатып итеріліп тұрса, азық сапасы үнемі қадағаланса азық жақсы желінеді, қалдықтар аз болады. © KFM

2 09, 2025

Заманға сәйкес ойлау

2025-09-02T05:07:42+01:002. сентября 2025|

Біздің еңбек әлемі туралы түсінігімізде индустриалды дәуірден қалып қалған көптеген ұстанымдар әлі де бар. Олар аптасына алты күн, күніне 10 сағат қатаң нұсқаулар бойынша жұмыс істейтін өнеркәсіптік жұмысшылар қажет болған заманда пайда болған.

Сондықтан мектептер мен университеттердің оқыту процесінде «пәндік» тәсілі әлі де басым және тәртіп пен бейімделгіштік  құпталады. Осы жерде тақырыптық оқытуды енгізу ілгері жасалған үлкен қадам болар еді. Жұмыс берушінің өз тұрғысынан қызметкерлердің көпшілігі бір жағынан «жұмысқа» барып, ал өмірінің мәнін басқа жерден іздейтіндігі ақылға сыйматын көрініс деп санау керек пе? Бұл ескірген түсінік 50 жыл бұрынғы зауыт дәуірінен келе жатыр! ХХІ ғасырға сәйкес болу үшін не істей аламыз?

— Біз бәріміз өміріміздің алтын уақытының көп бөлігін «жұмыста»өткізетінімізді мойындауымыз керек.

— Біз өзіміз үшін көңілге қонымды мағына мен мақсатты анықтап, мықты да батыл бизнес ұстанымызды қалыптастыруымыз керек! Әйтпесе, біз өмірдің мәнін іздеп дәрменсіздік теңізінде адасқандай күй кешеміз.

— Әр таң мен әр кеш сайын біз өз жұмысымыздың мағынасы бар екенін және ол өміріміздің маңызды бөлігі екенін түсінуіміз керек. Біз әрқашан да көбінесе не ойлайтынымыздығының бейнесіміз. Ұстанымдарымызды өзгертуді бастайық!

Уве Веддиге

Фото: © KFM

28 08, 2025

Сауын роботында концентрат бермей саууға бола ма?

2025-08-28T05:52:28+01:0028. августа 2025|

«Слаг-фидинг» (азықты бір бергенде көп мөлшерде бірақ салу)  сауын роботында берілетін концентратты (түйіршіктерді) тұтыну кезінде месқарынның РН көрсеткішінің ауытқуын тудырады. Бұл сүттің майлылығын төмендетеді және месқарын ацидозына шалдығу қаупін арттырады. Сондықтан жоғары концентрацияланған азықты бермей ақ автоматтандырылған сауу мүмкін бе деген сұрақ туындайды.

ТМR месқарынның  қызметін жақсартатынын және сүт майының мөлшерін 0,2–0,4% — ға арттыратынын ұмытпаған жөн. Екінші жағынан, роботпен сауу барысында берілетін концентраттың қосымша мөлшері әсіресе өнімділігі жоғары табындар мен жаңа төлдеген сиырларға пайдалы. Сонымен қатар, сиырлардың еркін жүріп-тұруы роботпен сауу барысында концентрат берілмесе мүмкін емес екені анық.

Жаңа тәсілдер концентраттарды үнемдеуге, сүттің майлылығын жақсартуға және месқарынның қалыпты жұмысына жақсы ықпал етеді. Сонымен қатар, израильдік зерттеулер  сиырлардың ыстыққа төзімділігі артатынын көрсетеді.

Сиырлар еркін жүретін қораларда, генетикалық көрсеткіштері жоғары арнайы табындарда және азықтандыруға байланысты проблемалары бар фермаларда концентрат беруді жалғастыра беру керек. Концентратсыз азықтандыру жақсы нәтиже көрсетіп жатса ғана кеңесшілердің ұсыныстары осыған сәйкестендіріліп өзгертіледі.

Уве Веддиге

Фото: © Веддиге

26 08, 2025

Бұзаулардың қан сарысуын тексеру

2025-08-26T04:22:34+01:0026. августа 2025|

Көптеген жеке консультациялар барысында бұзаулар ағзасына уыз арқылы түсетін антиденелер қаншалықты жеткілікті болады деген сұрақ туындайды. Нақты жауабын қандағы ақуыз мөлшерін анықтағаннан кейін ғана беруге болады.

Әсіресе тұылғанында және тұылғаннан кейін бұзаулар өте жақсы гигиеналық жағдайда ұсталып, бірақ уыз сүтін аз ішсе, диарея қоздырғыштарына сезімтал  болуы мүмкін.

Туылғаннан кейінгі екінші және төртінші күндері арасында каротид / ұйқы артериясынан шамамен 3-5 мл қан алынады. Қан сарысуы тұнғаннан соң оның бір тамшысын рефрактометрге тамызады. Бұзауды жеткілікті мөлшерде иммуноглобулинмен қамтамасыз етіп, иммунитетін күшейту үшін қандағы жалпы ақуыздың мөлшері 58 г/л-ден жоғары болуы керек.

Егер көрсеткіш төмен болса, уыздың сапасы мен мөлшерін, сондай-ақ азықтандыру уақытын шұғыл түрде тексеру қажет.

Осындай тексеруді жылына кемінде бір рет 3-10 бұзаудан қан алып өткізіп отыру керек. Егер бұзауларда жиі диарея немесе тыныс алу проблемалары болса, оның себебі уызбен дұрыс азыктандырмау болуы мүмкін.

Уве Веддиге

Фото: © KFM

21 08, 2025

Пропион қышқылы қайта қызу процесін тоқтатын құрал ретінде

2025-08-21T06:23:55+01:0021. августа 2025|

Көптеген фермаларда қазір малға жылып кеткен азық беріліп жатқанын көріп жүрміз. Көбінесе сүрлем азық араластырғышқа жылып кеткен күйінде түседі. Қызып кетудің алдын алу үшін сүрлем кесіліп алынған соң сол жердің үстіне көбінесе пропион немесе құмырсқа қышқылын бүркіп жатады.

Тәжірибе көрсеткендей, бұл шара айтарлықтай нәтиже бере қоймайды. Өйткені қышқыл жеткілікті тереңдікке енбейді. Жалғыз тиімді шара – траншеядан сүрлемді жылдамырақ алып тұру. Көбінесе бұл үшін рационды өзгерту керек және соның өзгеруінен сүрлем тез желінуі керек.

Қосымша шара ретінде араластыру кезінде және оттықта қайта қызудың алдын алу қажет. Азықтың дәміне әсер етпейтін калий сорбатын немесе тиісті аралас өнімдерді қосу да жақсы нәтиже береді.

Неліктен сүрлем дұрыс дайындалса да, ол қайта қызиды? Оны қыздыратын — оттегінің әсерінен белсенді болатын ашытқы. Ол қалдық қант пен сүт қышқылымен қоректенеді, нәтижесінде азықтың РН көрсеткіші жоғарылайды және сүрлем сағат сайын тез бұзылады. Температура 10 °C жоғарылаған сайын құрғақ заттың  әр килограммынан шамамен 0,1 МДж NEL жоғалады. Сәйкес келмейтін техниканы қолдану, дұрыс нығыздалмағаны және траншеядан тиісті жылдамдықпен алынбағандығы, кесіп/бөліп алу барысында сүрлем бетін қопсыту оның қызуына ықпал етеді. Қыста аптасына 1,5 метрден  алу жеткілікті болса, жазда 3 м немесе одан да көп алу қажет.

Қорытынды:

  • Сүрлемді қопсытпай кесіп алу өте маңызды.
  • Қопсытылып шашылған сүрлемді күніне кемінде бір рет толығымен алып тастау керек.

Сондай-ақ, осы тақырып бойынша KFM жобасының «Сүрлемдеу процесіндегі қателіктер» атты тегін жаднаманы қараңыздар.

Уве Веддиге

Фото: Мұнда бәрі дұрыс: жақсы тығыздалған, алыну жылдамдығы оңтайлы, алынған жері қопсытылмаған, шашылған қалдықтар жоқ.

18 08, 2025

Сауын сиырлар: жазда шөлдей ме?

2025-08-18T06:51:58+01:0018. августа 2025|

Барлық сиырларға үнемі дәмді, физикалық және биологиялық тұрғыдан таза су берілмейді. Алайда, сиырлардың азық тұтынуы, зат алмасу процесі және сүт өнімділігі үшін жеткілікті мөлшерде таза су қажет. Сүт өнімділігі мен температураға қарай сүтті сиыр тәулігіне 200 литрге дейін су ішуі мүмкін, ал суалған сиырлар жазда 50 литрден астам су ішеді. Маңыздысы: сүтті сиырларға құрғақ заттың бір килограммына шаққанда 3-6 литр су қажет.

Бір ішкенде сиыр 30 секундта 9 литрден 12,5 литрге дейін су ішеді. Бұл минутына 18-25 литр су. Науаңа су толтыру жылдамдығы осы көрсеткішке негізделген: науаның ағызбасынан 10 литрлік шелек 30 секунд ішінде толуы керек.

Сиырларға су жеткілікті болу үшін, олардың саны тіпті 20 бастан аз болса да, екі науа қою керек. Бір құрылғыңыз бұзылып қалғанның өзінде де, барлық сиырларға су жетеді. Жалпы алғанда, 20 сиырға бір науа деп есептеу керек.

Ваннаға ұқсас науалар жануарларға ең қолайлысы. Төңкеріліп босатылатын науаларды зиянды биоүлдір мен азық қалдықтарынан тазалау оңай. Биоүлдір қалмайтындай барлық су құбырларын үнемі жуып тұру керек.

Әсіресе ыстық күндері науалардың жеткілікті саны болғаның қадағалау керек. Оларды күнделікті тазалап, жарамдылығын тексеру қажет. Қосымша ақпаратты KFM жобасының «Сиырларға берілетін судың сапасын қамтамасыз ету» атты жаднамасынан табуға болады

Уве Веддиге

Фото: Пластик науаларды тазалау қиын, тот баспайтын болаттан жасалған төңкерілетін науалар қолайлырақ, оларды тез және оңай босатуға болады. © KFM

16 07, 2025

Ақсақтық: автоматты түрде анықтау

2025-07-16T16:10:12+01:0016. июля 2025|

Ақсақтықты ертерек анықтау сүтті сиырлардың денсаулығын, өнімділігін сақтау үшін өте маңызды. Жақында жүргізілген зерттеуде Ливерпуль университеті нақты уақыт режимінде ірі қара малдың ақсақтығын анықтау үшін екі өлшемді камераны сынақтан өткізді. Машиналық оқыту еңгізілген толық автоматтандырылған процесс нақты уақыт режимінде қозғалғыштық/ширақтық дәрежесін болжауға мүмкіндік береді. Он бір коммерциялық кәсіпорында бұл техникалық әдіс ақсақтық пен аяқ жарақаты бар сиырларды бірінші рет білікті және тәжірибелі сарапшылар сияқты анықтай алды.

Ұзақ уақыт бойы күнделікті жиналатын қозғалғыштық деректерін пайдаланған кезде жүйенің дәлдігі айтарлықтай артты және сарапшылардың  көрсеткіштерінен асып түсті. Бұл озық технологиялық шешім ақсайтын сиырларды ерте анықтауға және сол арқылы сүтті мал табындарындағы ақсақтықты тиімді емдеуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://doi.org/10.3168/jds.2024-25940 Сипатталған әдіс кеңінен тарап, қол жетімді болғанша, KFM жобасы сүт өндірушілерге семинарлар, тренингтер өткізу және оқу материалдарын ұсыну арқылы ақсандап жүрген жануарларды анықтауға көмектеседі. Біздің «Тұяқ калькуляторы» және «Сиырлардың ақсақтығын анықтау» атты тегін тексеру парақтарымыз, сондай-ақ «Тұяқ күтімі» туралы жадынамамыз ерекше құнды көмекші құрал болып табылады.

Уве Веддиге

Фото: Табын сиырларының қозғалғыштығын бақылауға арналған техникалық қолдаудың барына қарамастан, жақсы дайындалған мамандар үшін тұяқ күтімі қолмен істейтін қиын жұмыс болып қала береді © KFM

10 07, 2025

Сау сиырларсыз тұрақты даму мүмкін емес

2025-07-10T05:34:18+01:0010. июля 2025|

Сау сиырлар — тұрақты сүт өндірудің кепілі. Қазақстанда немесе Германияда болсын, сүт өндірушілер мен сүт зауыттары тұрақты дамуға ұмтылуда. Бірақ бұған қалай қол жеткізуге болады? Сиырлардың сау, жағдайлары жақсы болуы маңызды. Сандық технологияның көмегімен көптеген фермерлер сиырлардың дене температурасын өлшейді және олардың қозғалыс белсенділігі, сондай-ақ күйіс қайыру мен азықтандыру уақыты туралы мәліметтер жинайды. Бұл мал өсірушілерге симптомдар пайда болғанға дейін денсаулыққа қатысты проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, олар сиырға бірден көмектесе алады және көбінесе дәрі-дәрмектер қолдану қажет болмайды.

Сонымен қатар, фермерлер сиыр сүт бере бастағанға дейін екі жыл бойы өсуі керек екенін біледі. Осы уақыт ішінде ол күнделікті жақсы азықтануы керек. Бұдан сау сиырлардың ұзақ өмір сүруі де тұрақтылыққа оң әсер етеді деген қорытынды жасауға болады.

Азық сапасы ең жоғары деңгейде болса ғана, жануарлар өздерін жақсы сезінеді. Сондықтан сүт өндірушілер негізгі азығын өндіруге және сақтауға саналы түрде көп күш жұмсайды. Сүт зауыттарымен бірге көптеген фермалар көміртегі ізін анықтайды және оңтайландырады. Осылайша, олар өз шаруашылықтарындағы парниктік газдар шығарындыларына қатысты жақсартуды қажет ететін әлсіз жерлерін анықтап тұрады.

Уве Веддиге

Фото: Физикалық күйі туралы нақты мәліметтер азықтандыруды жақсы жоспарлауға мүмкіндік береді, бұл сиырлардың қажетті май қорын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл сиырлардың сауымын, ұрықтылығын, денсаулығы мен ұзақ өмір сүруін арттыруға ықпал етеді. © KFM

8 07, 2025

KFM жобасының жаңа міндеттері

2025-07-08T07:29:38+01:008. июля 2025|

Қазақстандық сүт секторының даму динамикасына сәйкес KFM жобасы мамандардың құзыретттілігін арттыру және жануарлардың денсаулығын жақсартуды әрі қарай қолдайды.

Астана мен Берлиннің ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты, Республикалық сүт және аралас тұқымдар палатасының, «Асыл Тулік» орталығының және Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогы (АПД) өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста Уве Веддиге соңғы 18 айдың нәтижелері мен болашақ мақсаттары туралы айтып берді.

Қазақстандық және халықаралық сарапшылардың қолдауымен жоба аясында 750 маман мен кеңесшілерге тренинг пен семинар өткізілді, ал 4 жас маман төрт айлық «мастер-тренерлерді» даярлау курсын сәтті аяқтады.

Жоба ұжымы өзінің www.kfm-kasachstan.net сайтында көптеген практикалық кеңестер мен 90-нан астам жадынама, 151 жаңалық жариялады. Сонымен қатар Түркістан, Жамбыл және Алматы өңірлерінде 70-тен астам жеке консультациялар өткізілді. Алдағы айларда KFM ұжымы қазақстандық білім беру мекемелерімен бірлесіп сүт өндіру бойынша кеңесшілерді даярлау үшін арнайы және әдіснамалық білім беру бойынша ауқымды оқу бағдарламасын әзірлейді. Тренингтер мен семинарлардың мақсатты топтарына ферма мамандарына білім беретін, оларды үйрететін оқытушылар мен тренерлер қосылады. Бұған қоса, жоба ұжымы сүт өндірісінің маңызды салалары бойынша цифрлық оқу материалдарын әзірлеуді жалғастырады.

Барлық нәтижелер, табысқа жету оқиғалары, озық тәжірибелер және ұсыныстар симпозиумдарда таныстырылады деп жоспарлануда. Сүт өндіру және шаруашылықтарға маман даярлау бойынша консультациялық қызметті құру болашақта жоба жұмысының маңызды бағыты болып қала бермек.

Уве Веддиге

Фото: © KFM

Go to Top