About Uwe Weddige

This author has not yet filled in any details.
So far Uwe Weddige has created 453 blog entries.
16 05, 2024

Антибиотикпен емделінетін сиырлардың сүтімен не істеу керек?

2024-05-16T09:21:29+01:0016. Мамыр 2024|

Бір қарағанда, емдеу жасалып жатқан сиырлардың сүтін пайдалану орынды сияқты. Дегенмен, оны пайдаланбаған дұрыс, өйткені бұзауларды ондай сүтпен азықтандыру көбінесе антибиотиктердің бақылаусыз жеткізілуіне әкеледі. Желін сүтіндегі антибиотик қалдықтарының ішек флорасына әсері және жалпы төзімді патогендердің дамуы көптеген проблема тұдырады.

  • Ішек флорасының бұзылуы: антибиотиктер ішек микробиотасының тепе-теңдігіне әсер етуі мүмкін, өйткені антибиотиктер жақсы бактерияларды тіпті жойып тастайды. Бұзылған ішек флорасы ас қорыту проблемалары мен диареяға әкелуі мүмкін.
  • Төзімді бактериялардың дамуы: антибиотиктерді қолдану төзімді бактериялардың дамуына және селекциясына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан бұл төзімділік басқа бактерияларға да берілу қаупі бар.
  • Жануарлардың денсаулығына қауіп: төзімді бактериялар ауыр инфекцияларға әкелуі мүмкін, оларды емдеу қиын, өйткені қарапайым антибиотиктер тиімсіз болуы мүмкін.
  • Адамға берілуі: төзімді бактериялар адамдарға берілуі мүмкін.

Сонымен қатар, мұндай сүтте көбеюге қабілетті төзімді/резистентті бактериялар болуы мүмкін. Пастерлеу кезінде де бактериялардың 90 % – ы өледі. Пастерлеуге дейін немесе одан кейін сүтті мұқият өңдемесе, ондай сүтті беру қаупі одан әрі артады. Төзімділіктің берілу қаупін болдырмау және емдеуге төзімді ауруларды болдырмау үшін, бұзауларға антибиотикпен емделінетін сиырлардың сүтін бермеген дұрыс.

Уве Веддиге

Фото: KFM

14 05, 2024

Уыз беруге қатысты қадағаланатын бес жайт

2024-05-15T11:23:47+01:0014. Мамыр 2024|

«Барлық бұзаулардың 50% -дан астамында өмірінің алғашқы бірнеше аптасында денсаулығына байланысты проблемалар бар», – деп хабарлады KFM жобасынан Уве Веддиге. Бұзаулардың денсаулығында ең көп кездесетін проблемалар іш өту және өкпе мен кіндік қабынуы болып табылады. Бұл жерде бұзауларды уызбен азықтандыру маңызды рөл атқаратынын неміс сарапшысы атап өтті: «Уызбен азықтандыру жүйесі жақсы болатын фермаларда бұзаулардың ауруларымен проблемалар сирек кездеседі».

  • Сапасы: рефрактометр арқылы ингредиенттерді тексеріңіз!
  • Мөлшері: ішуге ұсынылатын мөлшері – шамамен 3-4 литр.
  • Жылдамдық: уыз неғұрлым ерте берілсе, соғұрлым көп мөлшерде сіңеді.
  • Құжаттама: сүттің мөлшерін, қай сиырдан алынғанын және уақытын жазыңыздар!
  • Тазалық: барлық контейнерлер сүт қалдықтарынан және кез келген биопленкадан тазартылуы тиіс!

Бұзау туа салысымен тез арада уыз ішуі керек. «Туылған кезі мен сүтті бірінші рет қабылдау арасындағы уақыт неғұрлым ұзақ болса, бұзау оның компоненттерін нашар сіңіреді», – дейді Веддиге. Көптеген фермаларда бұзауларды тәулік бойы бақылау жақсы нәтиже беріп жүр. Бұл сондай-ақ бұзауды дереу азықтандыруға мүмкіндік береді.

Уызды тез беруден басқа, сүттің тазалығы да маңызды. Егер шелек немесе бөтелке лас болса, онда бұзаудың ағзасына иммуноглобулиндер ғана түсіп қоймай, біз қалағаннан әлдеқайда көп микробтар түседі.

Уыздың сапасы сиырдың жасына емес, оның суалған кезені қаншалықты ұзақ болатынына және осы уақытта немен азықтанатынына байланысты. Егер сиыр бұзауды жеткілікті мөлшерде уызбен қамтамасыз етуге жеткілікті сүт өндірмесе, қорда мұздатылған уыз болғаны дұрыс.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

9 05, 2024

Фактілерді тексеру: сүт және денсаулық

2024-05-02T06:41:06+01:009. Мамыр 2024|

Халықаралық сүт федерациясының (IDF) сарапшылары жақында фактологиялық шолулар барысында сүт, ірімшік және йогурттың денсаулыққа әсері туралы ақпаратты қорытындылады.

Азық-түліктің құрамы және олардың адам рационына әсері қайта қаралды. Сонымен қатар, кардиологиялық және гастроэнтерологиялық аспектілер, қимыл-тірек аппаратының денсаулығы және медицина контекстінде метаболизм бойынша соңғы ғылыми зерттеулер жиналды. Тамақтың тек оның ингредиенттерінің жиынтығы ретінде бағаланбайтынына ерекше назар аударылды, сондай-ақ метаболизм процесінде қоректік заттардың өзара әсерін ескеру қажет.

Түрлі өнімдерге қатысты негізгі қорытындылар:

  • Ауыз сүт: обырды зерттеудің дүниежүзілік қоры лактоза және казеин сияқты сүт компоненттері кальцийдің қолжетімділігін арттырады және осылайша ішек обырынан қорғайды деген қорытындыға келді.
  • Ірімшік: егер зерттеу нәтижелерін жинақтасақ, ірімшікті тұтынудың денсаулыққа бейтарап немесе жағымды әсері туралы айтуға болады, осыған байланысты тіс саулылығы жақсаруы мүмкін.
  • Йогурт: 2-ші типті диабетке және ішек денсаулығына оң әсері ғылыми зерттеулермен дәлелденді. Зерттеулер көрсеткендей, йогурт семіздікке бейімділікті төмендетеді және оны жейтін тұтынушыларда жоғары қан қысымы проблемасы сирек кездеседі.

VDM-Schnell-Information 01-2024

Сурет: KFM

7 05, 2024

Малдың азықты тұтыну мөлшері: азық құрғақ затының мөлшері шынымен де 24 кг ба?

2024-05-13T07:50:20+01:007. Мамыр 2024|

Әрбір табын басқарушыcы сиырлардың қажеттіліктеріне сәйкес қоректік заттармен қамтамасыз етілуін бақылау үшін өз сиырларының азық құрғақ затын тұтыну мөлшерін білуі тиіс.

Азықты тұтыну негізінен 3 факторға байланысты.

  1. Жануарлармен байланысты және азықты тұтыну деңгейіне әсер ететін факторлар – бұл лактацияның жай-күйі, лактациялардың саны, тірі салмағы мен сауым сүт мөлшері. Лактацияның алғашқы апталарында сауым күрт өсетіндіктен, бұл кезеңде жемнің жоғары энергетикалық тығыздығы маңызды. Мал азығын тұтыну да сауымның өсуімен ұлғаяды. Алайда мал тұқымы азықты тұтынуға да әсер етеді.
  2. Азықты көбірек тұтынуға байланысты ең маңызды фактор дәмді, хош иісті және энергияға бай жемшөп болып табылады. Азықтағы энергияның жұғымдылығы мен құрамы да оның желінуіне үлкен әсер етеді. Судың жоғары мөлшері, қоқыстың көптігі және құрамындағы шабылған қатаң азықтың ұзындығы азықтың тұтынуын едәуір азайтады. Артық кетпеңіздер: егер рационның құрылымдық тиімділігі тым төмендесе, бұл азық беру процесіне байланысты ауруларға әкеледі.
  3. Қоршаған орта факторларының арасында бірінші кезекте қоршаған ортаның температурасын атап өткен жөн. Жоғары температура азықты тұтынуға теріс әсер етеді. Сүт сиырлары ылғалды және жылы климаттық жағдайларға қарағанда суық және құрғақ ауа райына жақсы төзеді. Алайда, жем-шөпті тұтынуға сондай-ақ жануарларды азықтандыру мен ұстау жағдайының барлық процесі әсер етеді, мысалы, азықты тарату және сүрлемді дайындау/сақтау және азықты уақытында сиырлардың алдына итермелеп тұру.

Қорытындылай келе, суалған сиырларға оңтайлы күтім жасалса және табынның денсаулығы жақсы болса, олар азықты жақсы жейді деп айтуға болады. Тек тұяқтары сау, ауырмайтын және стресске ұшырамайтын сүтті сиырлар азықты жақсы және жиі жейді. Бұл азықты тұтынудың жоғары деңгейіне қол жеткізудің негізгі алғышарты.

Уве Веддиге

Сурет: Веддиге

2 05, 2024

Жаз: сиырларға ыстықтын әсері

2024-05-02T06:04:49+01:002. Мамыр 2024|

Жаз жақындап қалды. Сондықтан сүтті ірі қара мал табынының жазғы мезгілден аман-есен өтуі үшін шаралар қолдану қажет. Сиырлар ауа температурасы 25 ° C дейін болған кезде жылудың әсерінен болатын күйзелісін сезінеді, бұл сүттің азаюына және оның құрамындағы компоненттердің азаюына әкеледі.

Сиыр қораның әрқашан жақсы желдетілуін қадағалаңыз. Сиыр қорасының есіктерін, перделерін және терезелерін ашу шығын қажет етпейді. Қораға орнатылған желдеткіш те жақсы әсер етеді. Осьтік желдеткіштер мен Casablanca желдеткіштерін орнату бойынша біздің жаднамаларымызбен танысыңыздар.

Су бүріккіш және спринклерлер жүйесі қораның суытылуын судың ұсақ тамшыларының булануы арқылы қамтамасыз етеді. Ылғалды ауа саунадағыдай әсер бермеуі үшін жақсы ауа айналымын қамтамасыз ету маңызды. Жүйе дұрыс орнатылған жағдайда жануарлар мен еден құрғақ күйінде қалады, сондықтан гигиенаға зиян келтірілмейді. Әсіресе 15 минуттық ырғақ тиімді екені анықталған: 3 минут суды шашырату, 12 минут оның буға айналуына кетеді.Таза судың жеткілікті мөлшерде болғанын қадағалаңыздар. Жазда сиыр күніне 150 литрге дейін су ішеді.

Жазғы температурада сиырлар терлеп, тек сұйықтықты ғана емес, сондай-ақ бағалы тұздар мен минералдарды жоғалтады. Жануарларыңыздың әрқашан жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз етілуін қадағалаңыз, ал ыстық күндері ірі қара мал үшін минералдар мен тұздың мөлшерін шамамен 20% -ға ұлғайтыңыз. Тұз блоктарының немесе жалайтын тұз салынған шелектердің әрқашанда сиырлардың алдында болуы да өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеген.

Уве Веддиге

Сурет: Weddige

30 04, 2024

Ірі қара малдың денсаулығы бірінші орында

2024-04-30T09:30:38+01:0030. Сәуір 2024|

«Сиырлардағы ең өнімділерінің бірінде жатыр қабынуы бар», – деп хабарлайды табын басқарушысы. Осыған байланысты ол сүттің азаюы туралы ғана емес, жоғары температура мен емдеуге жұмсалатын шығындар туралы да ойлайды. Мұндай жануарларда буаз болуына байланысты проблемалар болады екенін оның жақсы білетінін айтпағанда.

Осы жағдайда бірнеше сұрақ туындайды: мен сиырлар төлдеген сон ауырып қалмайтындай не істей аламын? Ауру жануарларды ертерек анықтауға қандай мүмкіндіктерім бар?

Осы және басқа да көптеген мәселелер бойынша «Байсерке Агро» ғылыми-практикалық орталығында тренинг өтті. Ханна Мари Дайстинг пен доктор Хуберт Бурдің басшылығымен KFM болашақ мастер-тренерлері жаңа төлдеген сиырлармен жұмыс істеуді, сондай-ақ түрлі алдын алу шаралары мен шұғыл емдеу жолдарын үйреніп, машықтанды.

«Біз барлығымыз бір апта ішінде екі сарапшының басшылығымен құнды білім мен дағдыға ие болдық», – деген болашақ мастер-тренерлердің бірауыздан пікірі осындай болды.

Уве Веддиге

Фото: KFM

26 04, 2024

Бұзау өсіру басты назарда

2024-04-26T09:19:35+01:0026. Сәуір 2024|

Құрметті оқырмандар,

тек сау бұзаулар өнімді сүтті сиырларға айналады. Бұл тұрғыда біз сүт пен сүт алмастырғышты салыстырып көреміз . Біздің кезектң шығарылымымызда біз азықтандыру жоспарын қалай құру керектігін, сіздің фермаңызға қандай әдістер сәйкес келетінін және бұзау өсіру процесін қалай жеңілдетуге және жақсартуға болатынын қарастырамыз. Осыған байланысты біз толық сүтпен азықтандыруды сыни тұрғыдан қарастырамыз және сонымен бірге егжей-тегжейлі талқылаймыз. Сондай-ақ, біз сіздерге бұзауларға жылу стрессінің қалай әсер ететіні және жылу стрессін азайтудың қарапайым шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып береміз. Біздің ақпараттық бюллетень мазмұны сіздер үшін пайдалы болады деп үміттенеміз.

KFM жобасының ұжымы

19 04, 2024

Жапония: сиыр немесе зебра?

2024-04-19T07:23:46+01:0019. Сәуір 2024|

Жапондық ірі қара мал – Күншығыс елінде өзінің ең жақсы Вагю сиыр етімен танымал төрт тұқымның бірі. Алайда, фермерлер ұзақ уақыт бойы сиырларға шыбындар мен сона сияқты жәндіктер әсер етеді деп шағымданады. Бұл сиырларда стресс, ыңғайсыздық және ауырсынуды тудырады, тіпті бүкіл табынның көбеюіне әсер етеді. Ямагата префектурасы ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес, шыбындар жолақты сиырларға онша жоламайды, ал көбінесе жүні кәдімгі біркелкі сиырларды мазалайды. Осы себепті, осы провинциядағы мал өсірушілер жануарларының үстін зебраның жолақтарына ұқсатып жұмсақ ағартқышпен және бояумен бояй бастады.

“Көптеген фермерлер малдарын жайылуға жіберуден қорқады, өйткені оларға соналар мен масалар жиі шабуыл жасайды”, – дейді провинцияның Ауыл шаруашылығын дамыту бөлімінің қызметкері. “Бірақ қазір біз зебра жолақтарына ұқсатып бояу арқылы малдың демалуына және сау өсуіне көмектесе аламыз”.

Ғалымдар сиырларды бақылау арқылы бұл шешімнің тиімділігін қадағалады. Олар зебра жолақтарымен боялған сиырларды қарапайым сиырлармен бірге жайылымға жіберді.

Зерттеу көрсеткендей, жолақсыз сиырларға минутына шамамен 16 рет шабуыл жасалады, ал “жолақты сиырларға” минутына 5 рет жақындайды. Зерттеушілер бұл құбылысқа әлі ғылыми түсініктеме бере алмады.

Minh Hoa (жаңалықтар газеті, Tri tric журналы) Фото: PLOS ONE

11 04, 2024

Сүт жолы

2024-04-11T06:50:23+01:0011. Сәуір 2024|

Жаңа сүт сауын залынан салқындатқыш танкке түседі. Бірақ одан әрі не болады? Шикі сүт қалай және қайда йогурт, кварк, май және басқа да сүт өнімдеріне айналады?

Салқындатқыш танкіде жаңа піскен шикі сүт 4-8 градус Цельсийге дейін тез салқындатылады және сақталады. Температурасын, иісін және шикі сүттің түсін тексергеннен кейін оны сүт тасығышқа жібереді.

Сүт таситын машина сүт зауытына келгенде, барлық көлемдегі жинақталған сынама ветеринарлық препараттардың қалдықтарының бар-жоғына тексеріледі және pH деңгейі анықталады. Бұдан басқа, жекелеген жеткізушілердің үлгілері бірқатар параметрлер бойынша іріктемелі талдауға жатады.

Одан әрі өңдеу үшін сүт үлкен центрифугаларда майсыздандырылған сүтке және кілегейге бөлінеді. Бұл екі компонент өнімдердің кең спектрін өндіру үшін негіз болып табылады.

Сүт өндіру кезінде қатаң гигиенаны сақтаған кезде де әлеуетті патогенді микроорганизмдерді жүз пайыз жою мүмкін болмағандықтан, оны термиялық өңдеуден өткізеді. Пастерлеу кезінде сүтті 72-75 градус Цельсийге дейін 15-30 секунд бойы қыздырады, содан кейін бірден салқындатады. Пастерлеу сүттегі ауру тудыратын барлық микроорганизмдердің жойылуына, ал барлық маңызды витаминдердің едәуір дәрежеде сақталуына кепілдік береді. Одан кейін «гомогендеу» процессі өтеді. Бұл ретте сүттегі май тамшылары 150-300 бар қысыммен ұсақталады. Бұл сүттің үстінен кілегей қабатының пайда болмауын, сондай-ақ адам ағзасының сүтті жеңіл сіңіруін қамтамасыз етеді.

Майсыздандырылған сүт пен кілегей барлық қалған сүт өнімдері үшін де негіз болып табылады. Мысалы, жақсы сүтті сиырдан бір тәулікте сауылған 27 кг суттен 27 литр қаймағы алынбаған сүт, немесе 6 қорап сары май, шамамен 2 кг майсыздандырылған сүт немесе шамамен 3 кг қатты ірімшік өндіруге болады.

DIALOG MILCH, қысқартқан Уве Веддиге

Фото: KFM

9 04, 2024

Сау тұяқтар – сау сиырлар

2024-04-09T09:01:06+01:009. Сәуір 2024|

Жайылымдағы сиырлардың тұяқтары әр қадам сайын қажалады, ал жұмсақ жерде жұргенде тұяққа салмақ азырақ тұседі. Екінші жағынан, қорада ұстаған ірі қара мал қатты жерде жүреді. Жануарлар қатты бетон ұстімен жүргенде алдымен майтабанға басып, содан кейін сыртқы тұяққа, одан кейін ішкі тұяққа басып жүреді. Қатты жерде тұяқ жерге батып кете алмайды. “Тұяқтың ұшы қажалмай, ұзара береді, әсіресе артқы сыртқы тұяқтар шамадан тыс ынталандырылған сайын өсе береді”, – деп түсіндіреді Хольгер Пловка.

Германиядан келген тұяқ кесу бойынша маман қазіргі уақытта Байсерке-Агро фермасында KFM жобасы аясында мастер-тренерлерді оқытып жүр. 5 күндік оқу курсын аяқтағаннан кейін қатысушылар өздерінің күткен сертификаттарын ала алады.

“Тұяқ проблемаларын мен көбінесе малдың тұрып-жататын жері нашар фермаларда көремін”, – дейді неміс сарапшысы өз тәжірибесінен. Егер сиырлардың тұрып қайта жатуына орын аз болса немесе сол орыны қатты, ылғалды және лас болса, онда жануарлар көп уақыт бойы тұрып қалады”. “Тұру – тұяққа у сияқты әсер етеді”, – дейді Пловка,”көң қырғыш тым ұзақ үзіліс жасайтындықтан, жүретін жерлері лас және ылғалды болғандықтан да тұяқтарға зақым келеді”.

Тұяқтарды өңдеу бойынша оқытуға сұраныс жоғары. Әрбір қатысушының тәжірибелі тұяқ кесу маманының қадағалауымен жұмыс істеуге жеткілікті уақыты бар. KFM ұжымы осы жазда тағы да басқа оқу курстарын ұсынуды жалғастырады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

Go to Top