Сізге «ауа сорылу әсері» таныс па?
Әрбір сауыншы кейде сауу аппаратын кигізген кезде ысылдаған дыбыс шығатынын біледі. Бұл «ауа сорылу әсері»/ respray деп аталатын көрініс сауын стаканын орнату барысында оған ауа кірсе пайда болады. Қажетсіз ауа сауын стаканы орнатылған емшекке қарай жылжиды. Сонымен сауылып алынған сүт жоғары жылдамдықпен осы емшектерге қайта оралады.
Нәтижесінде желіннің жаңадан инфекциялану ықтималдығы айтарлықтай артады.
Сондай-ақ, жеке сауын стакандарын орнатқан кезде, осы әсерге байланысты желінге кір түсуі мүмкін екендігі ғылыми дәлелденген.
Сауу аппаратын дұрыс қолданған кезде, жеке стакандардағы қысқа сүт шлангтары ауа ағынын автоматты түрде жабады. Ол үшін орнатылатын стақан Z-түріндегі жолмен емшекке бағытталады.
Сол жақ сурет ауаны сорылу әсерін көрсетеді: сауын стаканын орнатқан кезде ауаның кіруі сауын стаканы орнатылған емшекке қарай бағытындағы қысымның төмендеуіне әкеледі. Егер сауын стаканын емшекке бағыттағанда қысқа сүт шлангісін Z түрінде бүгіп тұрса, ауа кірмейді (оң жақтағы сурет).
Уве Веддиге
Сурет: Сауын стакандары мүмкіндігінше көп ауа сорылмайтындай орнатылуы керек. Әйтпесе, инфекция қаупін арттыратын respray әсері болуы мүмкін. © Weddige/KFM