About Uwe Weddige

This author has not yet filled in any details.
So far Uwe Weddige has created 896 blog entries.
8 01, 2026

Сүт алмастырғыштардың көлемін емес, салмағын өлшеу керек

2026-01-08T12:12:41+00:008. января 2026|

Сүт алмастырғыштар (СА) мүмкіндігінше қаймағы алынбаған сүтке сәйкес болуы керек. Ол үшін ұнтақ мөлшерін дұрыс таңдау керек. Салмағына емес, көлеміне қарай мөлшерлейтіндер көбінесе қателеседі.

Құрамында 50% майсыз сүті бар жоғары сапалы сүт алмастырғыштарды қолданғаңда ингредиенттердің тұрақты концентрациясын қамтамасыз етуге болады. Бірақ ол үшін ингредиенттерді дұрыс мөлшерде араластыру керек.

Кеңес беру тәжірибесі көрсеткендей, араластырылатын мөлшерінде үлкен ауытқулары бар көптеген шаруашылықтарда  іш өту проблемалары ерте және жиі кездеседі. Болжамдарға қарамастан, майдың, ақуыздың және қанттың жоғары концентрациясы бұзаулардың ас қорытуына ауыр тиеді және оның қышқылдануына әкеледі. Іш өтудің салдарынан бұзаулар өзіне қажет сұйықтықты тез жоғалтады. Сондықтан өндірушінің нұсқауларын орындау маңызды.

Дайын қоспаны рефрактометрмен тексергенде ғана дәлірек нәтиже алуға болады. Брикс пен кестенің мәндері арқылы құрғақ затты (ҚЗ) есептеуге болады. Біздің тәжірибеміз бойынша 10,3 Брикс мәні СА 120 г/л, 12, 9 Брикс көрсеткіші — 140 г/л және 14,7 — 160 г/л концентрациясына сәйкес келеді.

Табысты фермерлер әрқашан СА салмағын өлшейді: егер сіз қаптың үстінгі жағынан ұнтақ алсаңыз, оның салмағы қаптың ең төменгі бөлігіндегі ұнтаққа қарағанда әлдеқайда жеңіл болады. Сонымен қатар, таразының жанына қажетті су мен СА мөлшерін қайта есептеу үшін араластыру кестесі ілініп тұруы керек.

Уве Веддиге

Фото © KFM

6 01, 2026

2026 жыл – қандай мақсаттараға қол жеткізгіңіз келеді?

2026-01-06T06:33:36+00:006. января 2026|

Жыл басы жұмыста әрқашан сәл тыныш кезең болады және 2026 жылға жобалық жұмысты жоспарлау негізінен аяқталған болады.

Мен өзім жаңа жылдың алғашқы күндерін келесі айларда қандай мақсаттарға қол жеткізгім келетіні туралы ойлау үшін пайдаланамын. Ал сіздерде қалай? Сіздер өздеріңіздің ұжымдарыңызбен бірге 2026 жылға қандай мақсаттар қойдыңыздар? Не істегіңіз келеді? Не үйренгіңіз келеді?

Ұжыммен кәсіпорынның мақсаттарын алдын ала талқылаңыз және оларды бірлесіп анықтаңыз:

  1. Мақсаттарды жазып қойыңыздар.
  2. Мақсаттарға қол жеткізу күнін белгілеңіздер.
  3. Аралық мақсаттарды да анықтағыздар.
  4. Мотивация үшін оларды көрнекті жерге іліп қойыңыздар!
  5. Ешқашан 3 үлкен мақсаттан артық қоймаңыздар!

Көптеген кәсіпорындарда күйлеуді бақылаудың жаңа жүйесін сатып алу, сауу бойынша тренинг немесе жаңа төлдеген сиырларға қатысты  жоспарлы менеджмент енгізу сияқты мақсаттар қарастырылады. Демалу, біліктілікті арттыру және команда құру сияқты «жұмсақ дағдылар» туралы да ұмытпаңыздар!

Мақсаттарыңыздың біріне қол жеткізгеннен кейін, оны қызметкерлеріңізбен бірге атап өте аласыздар. Осылайша, сіздер өз кәсіпорныңызды дамытасыздар және сіздерде  келесі мақсаттарыңызға жаңа идеялар пайда болады.

Уве Веддиге

23 12, 2025

2035 жылы 150 млн тонна сүт жетіспейтін болады

2025-12-23T05:25:52+00:0023. декабря 2025|

«Әлемдегі сүт өндірушілер сүтті тым көп өндіреді, оны нарық тұтына алмайды,» — деп бағалайды қазіргі жағдайды IFCN желісінің өкілі Филипп Гетц. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде сүт бағасы қысымға ұшырауда, «бірақ ұзақ мерзімді перспективада біз өсудің айқын үрдісін көріп отырмыз, өйткені сүт тапшылығы тұрақты болатынын күтеміз.»

Бүкіл әлемде ірімшік пен пиццаны көбірек тұтынатын сатып алу қабілеті жоғары тұтынушылардың үлесі артып келеді. «Біз 2035 жылға қарай әлемде шамамен 0,8 миллиард адам көп болады деп күтеміз, сондықтан бізге шамамен 15%-ға көп сүт қажет болады.» Бұл шамамен 150 млн тонна сүтке сәйкес келеді. Қазіргі уақытта АҚШ-та өндірілетін көлемнен шамамен бір жарым есе асатын қосымша қажеттілік болады.

Азия мен Африкада, Солтүстік Америкада сүт өндірісі өсіп келеді. Азияда өндірісті мемлекет тарапынан ынталандыру арқылы сүт көлемінің артуы қамтамасыз етіледі, бұл сонымен қатар сұраныс пен өндірістің өсуіне ықпал етеді. Ал Еуропа мен Океанияда сұраныс тоқырап немесе төмендеп барады.

Кәсіпорындардың рентабельділігі өндіріс шығындары мен сүт бағасына байланысты. 2024 жылы сүттің әлемдік баға индексі 11%-ға өсіп, 100 кг үшін 44,2 АҚШ долларын құрады. Шығындарға әсер ететін негізгі фактор жем-шөп шығындары болып табылады, олар 12 000-нан 20 000 теңге/кг-ға дейін (20-дан 33 еуроцент/кг-ға дейін) және осылайша жалпы шығындардың 70%-на дейін құрайды.

Филипп Гетц болашақта әлемдік сұраныс ұсыныстан жылдамырақ өсетініне сенімді. Ірі кәсіпорындарға қарай бағытталған құрылымдық қайта құру жалғасуда. Азия ең ірі импорттаушы болып қала береді.

Қорытындылай келе, қазақстандық сүт өндірушілер қолайлы табыс таба алады деп болжауға болады. Алайда, мұның маңызды шарты — жақсы дайндалған персоналдың бар болуы, жоғары өнімділік және ең жақсы азық.

Осы тұрғыда алдағы мереке күндері демалыстарыңыз жақсы өтуіне тілектеспін!

Ізгі ниетпен Уве Веддиге

Графика: KFM

19 12, 2025

Сиыр қорада музыка қосса

2025-12-19T04:32:48+00:0019. декабря 2025|

Музыканың адамға жағымды әсер ететініне күмән жоқ. Ал жануарлардың жайы қалай? Музыка сауын сиырлардың жалпы хәлін жақсарта ала ма? Бұл туралы ғылым не дейді?

Зерттеулер көрсеткендей, музыка сиырлардың дені сау және өнімді болуына көмектеседі. Музыка жануарларға стресс пен физикалық жүктемелерді жақсырақ жеңуге көмектеседі. Бұл сиырлардың өнімділігін, өсімділігін, денсаулығын және жалпы күйін жақсарта алады.

Классикалық музыка гормондық деңгейде стресстік реакциялардың белсендеуін төмендетуі мүмкін. Стресс гормондарының төменірек деңгейі маңызды физиологиялық функцияларға әсер етеді. Тыныштандыратын музыка окситоциннің түзілуіне жанама түрде ықпал етеді. Сонымен қатар, стресс деңгейі төмен болса, иммундық жүйенің жауап реакциясы жақсарады.

Музыка сиырлардың жүріс-тұрысына әсер етеді, бұл өз кезегінде өнімділік пен әл-ауқатты арттыруға ықпал етеді:

  • Неғұрлым баяу жүріс-тұрыс: зерттеулер көрсеткендей, баяу музыканың әсерінен сиырлар аз қорқады және сауу кезінде тыныш тұрады.
  • Күнделікті әрекет реттілігінің жақсаруы: сиырлар азықтанып және күйіс қайырып көп уақыт жатады. Бұл белгілерді жайлылықтың жоғары деңгейі және өзін жақсы сезіну деп бағалауға болады.
  • Әлеуметтік қылықтардың жақсаруы: егер музыка сиыр қорасына дәйекті түрде енгізілсе, агрессиялықтың төмендеуі байқалады.

Баяу және тыныштандыратын музыка сауымды шамамен 3%-ға арттырады, ал жылдам немесе ретсіз музыканың пайдасы жоқ немесе тіпті теріс әсер етеді. Сондықтан оң нәтижелерге қол жеткізу үшін музыка баяу және үйлесімді болуы керек, орташа 75 дБ-ден төмен дыбыспен ойнатылуы керек және сауын немесе демалыс сияқты маңызды күнделікті әрекеттер кезінде үнемі қолданылуы керек.

Дереккөз: CevaNews, қысқартқан Уве Веддиге

Фото: © Элизабет Хоопс

17 12, 2025

Дезинфекциялаудағы 5 қателік

2025-12-17T04:37:16+00:0017. декабря 2025|

Мал шаруашылығындағы биоқауіпсіздік: зарарсыздандыру барысындағы ең жийі кездесетін бес қателік — және сол қателіктердің алдын алу жолдары

1-қате — Дозалау қатесі: дезинфекциялау құралының тым төмен концентрациясынан вирустар, бактериялар және саңырауқұлақтар тірі қалуы мүмкін, нәтижесінде дезинфекция тиімсіз болады. Дәл өлшемейтін құрылғылар дезинфекциялық құралдың тиімділігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

2-қате — Төмен температураға байланысты қате: төмен температурада химиялық реакциялар баяу жүреді, бұл белсенді заттардың реакция жылдамдығын төмендетеді. Әсіресе қыста бұл патогендердің таралуы қаупін арттырады.

3-қате — Ақуыздарға байланысты қате: органикалық қалдықтар көптеген дезинфекциялық заттарды байланыстырады немесе бейтараптандырады. Қан, сүт қалдықтары және экскременттер белсенді заттарды бейтараптандырады. Органикалық қалдықтарды алдын ала мұқият кетірмей дезинфекциялау көбінесе қажетті нәтиже бермейді.

4-қате — Сабын мен беттік белсенді заттарды қолданудағы қателік: Құрылғылардың бетіндегі тазартқыш заттардың қалдықтары дезинфекциялау құралдарының тиімсіздігіне әкеледі. Тазалау мен дезинфекциялауды бөлек-бөлек жасау керек. Тазалаудан кейін әрдайым үстін сумен жақсылап жуып, содан кейін дезинфекциялық құралды жағу керек.

5-қате — Қолдану қатесі: әсер ету уақыты тым қысқа, біркелкі бүркілмеу немесе құралдың тым аз мөлшері салдарынан дезинфекциялау нәтижесі жеткіліксіз болады. Сондықтан жабдықты үнемі техникалық қызметтен өткізу, бүріккіштердің шашыратуы мен мөлшерін тексеру және өндіруші ұсынған әсер ету уақытын қатаң ұстану маңызды.

Қорытынды: нақты жұмыс нұсқаулары, калибрленген мөлшерлеу, құжаттама, өндірушінің ұсыныстарын ескеру және қарапайым тексерулер жеткіліксіз дезинфекциялау қаупін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Д-р Юлия Блуменберг, қысқартқан Уве Веддиге

11 12, 2025

Сиырдың сау болуы дұрыс азықтандыруға байланысты

2025-12-11T11:13:32+00:0011. декабря 2025|

Сиырлардың денсаулығына байланысты проблемалардың көбі негізінен азықтандыруға байланысты.

Суалту кезеңінің қалай жоспарланғанының өзінен ақ лактация қалай басталатынын білуге болады: шу түспеуі, ұлтабардың орнынан ығысуы немесе месқарын ацидозы сол кезеңге байланысты болады. Ойластырылған рацион мен азықтандыруды бақылау арқылы желіннің қабынуы мен тұяқ проблемаларының алдын алуға және сиырдың сауылатын кезіндегі денсаулығын, сондай-ақ суалту кезінде оңтайлы физикалық күйін қамтамасыз етуге болады.

Қорадағы барлық сиырлар біркелкі қоспаны теріп жемей тұтынса және оның сапасы үнемі мінсіз болса ғана месқарындағы рН өзгеруін мейлінше азайтуға болады.

Өнімділікке сәйкес дұрыс азықтандырудың арқасында сиырлардың иммундық жүйесі тұрақты болады және сиырлардың өнімділігі төмендемейді. Дұрыс  азықтандыру табынға «қорғаныс қолшатыры» сияқты әсер етеді және жылу стресін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Көптеген мақсатты көрсеткіштер мен практикада қолданатын шаралар ескірген және генетика мен басқарудың қазіргі заманғы деңгейіне сәйкес келмейді. Өз табыс көрсеткіштерін адал және мұқият анықтау арқылы және оларға сыни тұрғыдан қарау арқылы ғана дұрыс кәсіпкерлік шешім қабылдауға болады.

Уве Веддиге

Фото: © KFM

9 12, 2025

Желін саулығын қамтамасыз етудің үш жолы

2025-12-09T07:01:37+00:009. декабря 2025|

Егер соматикалық жасушаларының саны көбейсе, дәрі-дәрмек немесе азықтық қоспалар қажет болады. Бірақ ұзақ мерзімді перспективада желіннің саулығын шынымен жақсартқысы келетін фермер сиыр қорадағы күнделікті процестермен айналысуы керек.

Профессор, д-р Фолькер Крёмкер былай дейді: «Желін мәселесі бір түнде пайда бола қоймайды, олар көбінесе басқарудағы көптеген ұсақ қателердің нәтижесі болып табылады. «Ганновер университетінің маманы: «Желіннің саулығы – басқаруға ғана байланысты мәселе. Ол күн сайын қайталанатын, реттелген процестердің арқасында жүзеге асады.»

Бұл дегеніміз, фермер бокстардың тазалығын, сауын тәртібін қамтамасыз ету және ұсақ-түйекке мән беру арқылы жағдайға белсенді түрде әсер ете алады. Профессор Крёмкер әрбір сауын сиыр табыны ұзақ мерзімді перспективада неғұрлым сау болуын қамтамасыз ететін үш тәсілді сипаттайды:

  1. Жаңа инфекциялардың алдын алу: гигиена, жұмыс стандарттары және сауын тәртібін сақтау негізгі рөл атқарады. Оған бокстардың құрғақтығын қадағалау, оларды үнемі тазалап тұру, сауу гигиенасы мен сауын тәртібін сақтау жатады.
  2. Жаңа инфекцияларды ерте анықтау және емдеу: соматикалық жасушалардың санын бақылап, сүтті тексеріп және жануарлардың жүріс-тұрысына назар аударатын фермер қабынуды оның клиникалық көрінісі байқалмай тұрып анықтай алады. Бұл қаражат үнемдеуге және стрессті — адам үшін де, жануар үшін де — болдырмауға мүмкіндік береді.
  3. Дәйекті іс-әрекет: созылмалы аурулары бар жануарларды дер кезінде оқшаулау. Соматикалық жасушалар саны үнемі жоғары болатын сиыр басқалардың бәріне түсетін бактериялық жүктемені арттырады.

Қорытынды: желіннің сау болуы кездейсоқтық емес, малшы бәрін дәйекті түрде дұрыс жасауы керек және мұны күн сайын жасау керек. Бокстағы төсенішпен сауу аппараттарын күтуден бастап, залалсыздандыруға дейінгі әрбір деталь маңызды. Ол үшін ғажайып шешімдер емес, нақты сауын тәртібі, реттелген гигиена және жауапкершілікті өз мойнына алатын ұжым керек.

Уве Веддиге

Фото: © Уве Веддиге

4 12, 2025

Микропластик ірі қара малдың ас қорытуына әсер етеді

2025-12-04T07:37:54+00:004. декабря 2025|

Жаңа зерттеу микропластик ірі қара малдың ас қорыту жүйесіне қалай әсер ететінін көрсетті, деп хабарлайды «Journal of Hazardous Materials» басылымында неміс-фин ғалымдар ұжымы. Олар месқарыннан сұйықтық алып, оған пластик бөлшектерін, сондай-ақ шөп пен арпа қосты.

«Біздің зерттеуіміз ас қорыту жүйесі пластикті ұсақ бөлшектерге ыдырататын және сол арқылы ықтимал жаңа қауіптерді тудыратын биореактор ретінде жұмыс істейтінін көрсетеді,» — дейді Хоэнхайм университетінен қатысқан зерттеуші Яна Зайферт. Пластмассаның ұсақ бөліктері ұлпаға, демек, азық тізбегіне оңай енуі мүмкін.

Арпамен жасалған эксперименттерде микропластик асқазан сөліндегі бактериялардың құрамын (микробиомды) өзгертіп қана қойған жоқ. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, стресстік реакцияларға байланысты бактериялық ақуыздар да пайда болған.

Бұған дейін өлшемі 0,1 миллиметрден кіші бөлшектердің ішек тосқауылын жеңе алатыны, бұл олардың адамдар тұтынатын жануарлардан алынатын өнімдерде жинақталуына әкелуі мүмкін екендігі көрсетілді, деп жазады зертеу ұжымы. Қалған бөлігі өзгермеген күйінде немесе өзгерген күйінде нәжіспен бірге ішектен шығып, қайтадан егістікке түседі, нәтижесінде цикл қайтадан басталады.

Уве Веддиге

Фото: © KFM

2 12, 2025

Метриттін алдын алу шаралары қандай?

2025-12-02T08:12:52+00:002. декабря 2025|

Көптеген басқа аурулар сияқты, мақсатты алдын алу шаралары және метритті ерте анықтау, сондай-ақ азықтануды дұрыс басқару сүт өнімділігі мен өсімталдығын арттырады.

АҚШ-та 6000-нан астам сиырды бақылау арқылы жүргізілген зерттеу 300 күндік лактациядан кейін жағымсыз иісі бар, сулы және қызғылт шырышы бөлінетін сиарлар  мөлдір немесе сәл іріңді шырышы бар жануарларға қарағанда, айтарлықтай сирек буаз болатынын көрсетті. Бұл жануарлар бұзаулағаннан кейін көбінесе табыннан шығарылады. Сонымен қатар, лактацияның алғашқы 300 күнінде олардың сүт өнімділігі бақылау тобындағы жануарлардан 760 кг төмен болды.

Сондықтан жатырдың қабынуына жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Бұл ретте азықтану әрекеті мен жемшөп тұтыну процесін жақсарту керек. Жатырдың клиникалық қабынуы бар сиырларда төлдеуге үш апта қалғанда теріс энергетикалық тепе-теңдік байқалады. Бұл энергия жетіспеушілігі бұзаулағаннан кейін де сақталады. Төлдегеннен кейін екі-үш аптадан кейін ғана қалыпқа келуі мүмкін.

Сондықтан сиырлардың азық жеуіне ерекше назар аудару керек, өйткені қосымша жұмсалған әрбір кг құрғақ зат (ҚЗ) тәулігіне шамамен 1,5 кг сүт өнімін арттыра алады.

Әсіресе суалту кезеңінің сонғы фазасында жемшөпті іріктеп/теріп жемеін қадағалау керек. Көп жағдайларда сабан тым ұзын, ал рацион тым құрғақ болып жатады. Сабанды 20 мм-ден 30 мм-ге дейін ұсақтап, рационға су қосу арқылы бұл мәселелерді шешуге болады.

Сиырлар бұзаулаған соң көп азық жеуі үшін азықтандыру мерзімін ұзарту керек. Мұны, мысалы, суалту мен төлдеуден кейінгі кезеңде қорадағы мал санын азайтып, жиірек азықтандыру арқылы жасауға болады. Азықтандыру жиілігін күніне бір реттен екі ретке дейін арттырудың өзі күнделікті азықтандыру уақытын он минутқа ұзартады.

Уве Веддиге

Фото: © KFM

 

27 11, 2025

Калифорниялық тестті дұрыс қолданыңыздар!

2025-11-27T09:44:06+00:0027. ноября 2025|

Калифорниялық мастит тесті, сондай-ақ Шальм тесті деп аталады, сауу залында немесе тікелей сиырдың жанында тұрып бірнеше секундтан кейін сүттегі соматикалықалық жасушалардың болжалды мөлшерін көрсетеді.

Сүттің өзінде ешбір өзгеріс байқалмаса да, соматикалық жасушалардың саны көбейіп, субклиникалық мастит болуы мүмкін. Қабыну неғұрлым күшті болса, сүт пен реактив қоспасы соғұрлым тұтқыр болады.

  • Сиырды саууға дайындап, бірінші cүтін сауып тастау керек. Содан кейін желіннің әрбір емшегінен сүтті тест пластинасының төрт бөлек шұңқыршасына бөлек-бөлек сауып аламыз. Бір шұңқыршадағы сүт басқадағымен араласып кетпейтіндей абайлап сауып алыңыз.
  • Екінші кезеңде шұңқыршаны ақырын еңкейтіп, артық сүтті белгіге дейін төгіп тастаймыз.
  • Маңызды: төрт шұңқыршадағы сүт бір-бірімен араласпауы керек.
  • Ағызғаннан кейін әр шұңқыршаға бірдей мөлшерде реактив құйыңыз. Сүт пен реактив мөлшері мүмкіндігінше бірдей болуы керек.
  • Тест пластинасын баяу айналдыра отырып, оны көлденең ұстап тұрып, шұңқыршалардың ішіндегісін мұқият араластырыңыз. Ағуындағы айырмашылықтар субклиникалық мастит барыні көрсетеді.

Әрбір желіннің қабынуын міндетті түрде антибиотиктермен емдеу қажет емес. Экспресс-тест арқылы мұндай дәрі-дәрмекті қажет етпейтін сиырларды анықтауға болады. Осы тақырып бойынша KFM жобасының Калифорниялық тест туралы жадынамасын оқыңыздар.

Уве Веддиге

Фото: Шальма тесті көмегімен сүт сынамасындағы соматикалық жасушалардың санын бағалауға болады. © Ветеринарлық медицина докторы Фридерике Райнеке

Go to Top