Енді тығындәрі керек жоқ!
Бұл препараттардың тиімсіздігі 20 жыл бұрын ғылыми дәлелденген. Дегенмен, олар метриттің алдын алу үшін төлдегеннен кейін он екі сағат ішінде шуы түспесе, әлі де қолданылады.
Эксперимент кезінде мұндай тығындәрімен емделген сиырлардың температурасы көтерілген күндер аз болды. Алайда, ұрықтандыру мен төлдеу жылдамдығының көрсеткіштері бойынша тығындәрісіз емделген сиырлармен салыстырғанда айырмашылық байқалмады.
Тығындәріге қарсы үш аргумент:
- Шарана сұйықтығының мөлшері кейде өте көп болады. Сондықтан препараттың нұсқау бойынша ұсынылатын мөлшері микробтарды жою үшін жеткілікті бола ме деген сұрақ туындайды.
- Тығындәріні енгізу әрқашан гигиеналық тұрғыдан қатерлі болады, өйткені қынап арқылы салу барысында микроб немесе кір түсуі мүмкін.
- Зерттеулер көрсеткендей, E. coli немесе Trueperella pyogenes сияқты көптеген қоздырғыштар препаратқа төзімді. Бұл жағдайда тығындәрінің пайдасы жоқ.
Қорытынды:
Шуы /ұрықжолдасы шықпаған жағдайда сиырды төлдегеннен кейін бірнеше күн бойы мұқият бақылау керек, Күн сайын температурасын өлшеп, азық тұтынуын тексеріп, метрит белгілері болған жағдайда емдеу керек.
Метрит болған жағдайда ветеринар антибиотик пен ауырсынуды басатын дәрі тағайындайды. Алайда, егер метрит созылмалы түрге айналса, сиырды ұрықтандыруға болмайды. Бұл жағдайда сиырды жатырішілік антибиотикалық суспензиямен емдейді. Бұрын бұл жағдайда сиырға простагландин берілетін, бірақ соңғы зерттеулерге сәйкес антибиотик қолдану дұрысырақ болып табылады.
Доктор Штефан Борхардт, қысқартқан Уве Веддиге
Фото: © KFM