About admin

This author has not yet filled in any details.
So far admin has created 7 blog entries.
4 02, 2020

Қазақстанның сүт өндіру саласының өкілдері Германияға барып қайтты

2020-03-18T10:25:27+00:004. Ақпан 2020|

Қазақстанда сүт өндіруді тұрақты дамыту саласындағы кәсіпорындардың біліктілігін арттыру атты жаңа жоба шеңберінде 2019 жылдың 8-14 желтоқсан аралығында Қазақстанның сүт өндіру саласының 8 маманына арналған Германияға бір апталық ақпараттық сапар сәтті өтті.

Ақпараттық сапардың негізгі мақсаты сүт фермаларына инвестициялық қолдау көрсету бағдарламасы, сүт фермаларына арналған ақыл-кеңес беру қызметтері, сонымен қатар Қазақстанда қоршаған ортаға қолайлы және малға жайлы жағдай жасауға бағытталған қазіргі сүт өндіру жұйелерін дамыту мақсатында басқа да қызметтер мен тәсілдемелер бойынша мәлімет беру және неміс сарапшыларымен тәжирибе алмасу болды. Сүт фермаларының бәсекеге қабілеттілігін инвестицияларды қаржыландыру арқылы қамтамасыздандыру да сапардың негізгі тақырыбы болды. Қатысушылар Германияда атап айтқанда келесі мекемелер мен серіктестерге барып қайтты:

  • Ауылшаруашылық банк (Landwirtschaftliche Rentenbank), Франкфурт;
  • Гессен федералдық жеріндегі ауылшаруашылық кәсіпорындарының инвестициаларын қолдау қызметі (STA Serviceteam Alsfeld GmbH);
  • Гессен федералдық жеріндегі сут ондіру бойынша инновациялық ұжым;
  • ИАК Аграр Консалтинг ГмбХ, Лейпциг;
  • Дойче Кредитбанк (Deutsche Kreditbank AG), Лейпциг;
  • Келлич мал шаруашылық оқыту және ғылыми-зерттеу станциясы, Кёллич;
  • Саксония-Анхальт федеральды жерінің Асыл тұқымды ірі қара мал өсірушілер бірлестігі (Риндеральянц), Бисмарк;
  • Нидергрюндау және Кельбрде екі отбасылық сүт фермасы;
  • Германияның Азық-түлік және ауыл-шаруашылығы федеральдық министрлігі (BMEL), Берлин.

Қазақстаннан келген қатысушылар жобаның негізгі серіктестерінің өкілдері болып табылады, атап өткенде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті, Аграрлық несие корпорациясы, Нұр-Сұлтандағы Мал шаруашылығының ғылыми-инновациялық орталығы және Ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының Республикалық палатасы.

Аталған жоба Германияның Азық-түлік және ауыл-шаруашылық министрлігінің екі жақтық ынтмақтастық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады, ал АДТ Проект Консалтинг ГмбХ  (жетекші орындаушы) және ИАК Аграр Консалтинг ГмбХ компанияларынан құралған консорциум жобаны осы министрліктің тапсырмасымен жүзеге асырады.

21 01, 2020

Халықаралық сарапшының Қазақстанның солтүстік аймақтарына сапары

2020-03-20T10:44:42+00:0021. Қаңтар 2020|

Сарапшы Мари Кюнстлинг ханымның (ИАК Лейпциг) Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодарға сапары осы төрт әлеуетті  аймақтардағы  сүт өндіруге байланысты нақты жағдайды талдауға және талқылауға арналды. Атап айтқанда, мақсат тиісті облыстар мен аудан әкімшіліктерінен өсуге дайын қолайлы сүт фермалары туралы өзекті ақпарат алу және оны жүйелі түрде құжаттау болды.

Жоба ұжымының төрт аймаққа сапары туралы ақпараттандыру ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваның қолдауымен қамтамасыз етілді, ал әкімдіктер мен ауыл шаруашылығы басқармаларына әлеуетті пилоттық сүт фермаларының тізімін ұсыну туралы алдын ала сұраныс жіберілді. Шақырылған фермерлік шаруашылықтардың басшылары жоба, қатысу шарттары және кеңес беру тұжырымдамасы туралы сұрақтар қою мүмкіндігін қарқынды пайдаланды.

Жергілікті серіктестердің қызығушылығына, сондай-ақ жобаның екі қызметкері Айнагүл Аяганова мен Әділ Рахимовтың кең желісіне байланысты Павлодардағы Аграрлық несие корпорациясының филиалымен, Қостанайда KАЗ Консалтинг компаниясымен және Көкшетауда Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен маңызды келіссөздер жүргізілді.

“Жобалық аймақтарда жақсы қабылдау, Қазақстандағы сенімді алмасу және Германиядағы консалтинг қызметтерінің мазмұны мен іс – шараларына қызығушылық жоба табысты болады деп есептеуге негіз болады”, – деді Мари Кюнстлинг. Ол барлық деңгейдегі серіктестер жобаға үлкен қызығушылық танытатынын және белсенді қатысып, ақпарат алғысы келетінін атап өтті.

Фото: KFM

Go to Top